Қазақстан кітапханалары – 2019 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық-сараптамалық шолу = Библиотеки Казахстана – 2019 год. Факты и цифры : Информационно-аналитический обзор / ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред. Б.Қ. Оспанова; ред. алқа Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова; құраст.: Ж.Н. Алимкулова, А.Л. Кривков, А.С. Талдыбаева; аударма: Л.Б. Абдрахманова - Алматы, 2020. - 115 б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметі дайындаған «Қазақстан кітапханалары – 2019 жыл. Мәліметтер мен сандар» шолуы ҚР кітапхана ісінің салыстырмалы-статистикалық зерттеулерін қамтиды.
«Шолудың» негізін бес ведомство кітапханаларының (үш министрлік және екі акционерлік қоғам) жұмысы туралы сандық деректері бар кестелер құрайды. Кестелер қосымшада орналастырылады. Қосымшаның 1-бөлігінде ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ), «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («РҒТК» АҚ) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы («КТЖ» ҰК» АҚ) кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар кестелер орналастырылған.
Негізгі көрсеткіштердің кестелері әрбір ағымдағы жылдың басында ҚР Ұлттық кітапханасының сұратуы бойынша жоғарыда аталған ведомстволардың әдістемелік орталықтары ұсынатын ақпараттық-статистикалық анықтамалар негізінде жасалды. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар ақпараттық-статистикалық анықтаманы республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана ұсынады. Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының жұмысы туралы ақпараттық-статистикалық анықтаманы осы кітапхананың әдістемелік бөлімі ұсынады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйесі кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіштері бар ақпараттық-статистикалық анықтаманы Республикалық ғылыми медициналық кітапхана ұсынады. Республикалық ғылыми-техникалық кітапханалары бойынша ақпараттық-статистикалық анықтаманы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» акционерлік қоғамы ұсынады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кітапханалары бойынша ақпараттық-статистикалық анықтаманы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы техникалық орталығының ғылыми-техникалық кітапханасы ұсынады.
Көпшілік кітапханалар жұмысының негізгі көрсеткіштері бар кестелер қосымшаның 2-бөлігінде топтастырылған. Көпшілік кітапханалардың жұмысы туралы сандық деректері бар кестелер «Қазақстан кітапханалары: фактілер мен сандар» электрондық базасы негізінде жасалған (http://stat.nlrk.kz/). Сандық деректерді электрондық базаға жыл сайынғы есепті кезең ішінде көпшілік кітапханалардың әдістемелік орталықтары енгізеді.
«Шолуда» кестелердің мазмұнын көрсететін сызықтық, секторлық, бағандық диаграммалар орналастырылған. Диаграммалар тиісті логикалық бірізділікте орналасқан, жіберу аппаратымен және түсініктемелермен жабдықталған.
«Шолу» кітапханалық жұмыс көрсеткіштерінің абсолюттік, орташа және салыстырмалы шамаларын жүйелейді. Статистикалық деректерді меңгеру кітапхана ісінің жағдайы мен дамуының көптеген мәселелерін, соның ішінде Қазақстан халқына кітапханалық қызмет көрсету мен қамтудың маңызды аспектілерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
«Шолуды» зерттеу жұмыстары мен педагогикалық үрдісте қолдануға болады. Қазақстан Республикасының кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана факультеттерінің оқытушы құрамы мен студенттеріне, статистикалық мекеме қызметкерлеріне, кітапхана ісіне қызығушылық танытатындарға арналған.
Жүнісбеков Б.Ж.
Абай сәулесі (зерттеулер, эсселер, новеллалар, әңгімелер)/ ҚР Ұлттық кітапханасы; жалпы ред. басқ. Б.Қ. Оспанова. – Алматы, 2020.- 602 б.
Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы туралы зерттеулер мен эсселер және ұлт ғұламаларының сәулесі көзін ашқан новеллалар жинағы. Кітапқа автордың ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім және ғұлама Әуезовтың шығармашылық асыл мұрасы жайында әр жылдары жазылған туындылары топтастырылған. Жинақтағы көркемсөз жанрындағы шығармалар халқымыздың ұлы перзенттерінің өнегелі өмірі мен қайталанбас еңбектері туралы еркін ой тұрғысынан жаңаша көзқарасты пайымдатады.
Кітап жоғарғы және орта мектеп оқытушылары мен шәкірттеріне, барша оқырман қауымға арналған.
Жүнісбеков Б.Ж.
Абайдың ақын ұлдары / ҚР Ұлттық кітапханасы; жалпы ред. басқ. Б.Қ. Оспанова.- Алматы, 2020.- 598 б.
Жинақ, өзінің аты айтып тұрғандай, биыл 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде ұлықталып отырған ұлы даланың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының дарынды ұрпақтарына арналған. Оған ақынның ұлдары Ақылбай, Мағауия, Турағұл мен немересі Әубәкір Ақылбайұлының еңбектері және олардың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер, мақалалар мен эсселер топтастырылған. Абайдың ақын ұлдарының өлеңдері мен аудармаларын оқып отырғанда ғұлама ақын әрі ойшыл әкенің өмір мен өнер мектебінің мәуелі жемісіне тамсанып, «өлсе де өлмегенге тең» зор өнегеге тәнті боламыз. Кітап жоғарғы және орта оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттерінің, барша әдебиет сүйер қауымның қызығушылығын туғызады деп сенеміз.