+7 (727) 267-28-83

image 11 09 20 05 18 2

11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  «Абай әдеби орталығында» кітапхананың айырбас-резервтік қорынан 120 дана кітаптарды Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне тапсыру рәсімі өтті.

Кітаптарды тапсыру рәсімі қазақтың Ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында Қырғыз Республикасының Алықұл Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасында «Абай» қазақ мәдени орталығының ашылуына орайластырылған.

ҚР Ұлттық кітапханасы ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі басқармасының бастығы Алмаш Ареноваға Бішкекте Абай орталығының ашылуына қолдау көрсеткені және көмектескені үшін, сондай-ақ қырғыз оқырмандарына ұлы Абайдың шығармалары мен белгілі қазақстандық жазушылардың әдебиеттерімен танысуға мүмкіндік бергеніне алғысын білдіреді.

Алықұл Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасына сыйға берілген кітаптар оқырмандарды қазақ халқының мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен және әдебиетімен таныстырудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.

5555