+7 (727) 267-28-83

katalogizator

23 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының жанындағы Каталогизатор мектебі аясында «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.

Онлайн-семинарда Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары А.К. Несипбаева «ӘОЖ (УДК) жүйелеу қағидалары мен ережелері», М.Е. Баратбекова «Библиографиялық қөрсеткіш құрастыру («Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» ағымдағы библиография) және «Электрондық ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу (әлеуметтік желілерден ақпарат іріктеу)», тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

Онлайн-семинарға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 254 кітапхана мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Әмбебап ондық жіктеудің (ӘОЖ) қазақ тілінде пайдалану мәселелері және библиографиялық құралдар жасау жолы жайында дәрістер өткізуге ұсыныс білдірді.

atalogizator1  

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.