+7 (727) 267-28-83

BolatҚР Ұлттық кітапханасы «БОЯМАСЫЗ» жобасын назарларыңызға ұсынады.

Жобаның алғашқы саны Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Болат Мәзімбайұлы Әбділмановтың 60 жылдық мерейтойына арналады.

Жобаның мақсаты: ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі театр және кино актерлерімен кездесу барысында өмірі мен шығармашылығына қатысты еркін форматта сұхбаттасу арқылы заманауи мәдени процесті оқырмандарға дәріптеу.