+7 (727) 267-28-83

26 3

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Қазақстандық  Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапхана мектебінің қызметі аясында Нұр-сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының кітапхана мамандары үшін 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің жетекшісі, х.ғ. к. Б. Ш. Сәрсенбаева мен топ  жетекшісі Б.Е. Батырханова және сирек қор тобының жетекшісі Ф.К. Бектурбекова «Құжаттарды қайта қалпына келтіру және консервациялау» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізді.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының мамандары қызмет жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, онда қызметте жүргізілетін алдын ала консервациялау, тұрақтандыру және қалпына келтіру үрдістері туралы қысқаша мағлұмат алды, кітапхана кітаптарын қалпына келтіру бойынша бейнероликті тамашалады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өту ұсынылды.

26 3333