+7 (727) 267-28-83

Каталогизатор

9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Каталогизатор мектебі аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының мамандарына онлайн-тренинг өткізді.

Тренинг барысында Web-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінде МемСТ 7.1-2003 (Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар және жасау ережелері) бойынша библиографиялық жазба түзудің ережелеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.Ө. Сыдықжанова тәжірибелік сабақтардың  машина оқитын каталогтаумен айналысатын мамандар үшін маңызды екендігін атап өтті.

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының мамандарына өткізген онлайн-тренинг және ғылыми-әдістемелік көмектері үшін алғыстарын білдірді.

каталогизатор1