+7 (727) 267-28-83

Индия29

29 қаңтарда Әлем әдебиеті залында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен ҚР Ұлттық кітапханасындағы Үндістанның кітап бұрышына сыйға кітап тарту рәсімі өтті.

Сыйға тарту іс-шарасына Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумар мырза, Алматы қаласындағы Үндістан Елшілігі Өкілдік кеңсесінің консулы Амит Кумар Мишра мырза қатысты. Іс-шараның модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К.Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық кітапханаға Үндістан тарихы мен мәдениеті, көркем әдебиет, хинди және ағылшын тілдеріндегі білім мен ғылымның әртүрлі салалары бойынша 326 дана әдебиет сыйға тартылды.

Өз сөзінде Үндістанның Қазақстан Республикасы Елшілігінің Прабхат Кумар мырза ҚР Ұлттық кітапханасына және барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Салтанатты рәсімге ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Тұрақты оқырман Нұрсұлтан Ниязов Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісіне және ҚР Ұлттық кітапханасына жаңа әдебиеттер сыйға тарту мен қатар, кәсіби кітапханалық еңбектері үшін. тілегін білдіріп, алғысын айтты.

Барлық қонақтарды жаңа кітаптарды көруге шақырылды, 2020 жылы жаңғыртылып, жаңа заманауи жиһаздармен және компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылған кітап бұрышымен танысты.

индияяя29   ИИндия29   Инндия29