+7 (727) 267-28-83

Кк

12 ақпан күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орай өткізілген оркестрдің мерекелік концертіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Тәуелсіздік ˗ мәңгілік елдің тұғыры» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға орай ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған материалдар ұсынылды. Қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылым мен техника, халықаралық қатынастар, экономика және саясат саласындағы республиканың тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктерін ашып көрсететін  кітаптары кеңінен қойылды. «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі К.А.Бердалиева концерт көрермендерін кітап көрмесімен таныстырды.

Кошпели   кошк
кошпелик   кошпеликорме

 

Сайтта

Қазір сайтта 406 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.