+7 (727) 267-28-83

парасат

19 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық кітапханасының Н.К.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Парасат жолы» орталығының ашылуы өтті.

«Парасат жолы» орталығы «Адалдық алаңы» жобасы және республиканың барлық кітапханаларында «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының ашылуы аясында ашылады. Акцияның бастамашылары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болды.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ.Оспанова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті жетекшісі Е.Т. Игіліков, Алматы қаласы Қалқаман-2 мешітінің бас имамы Қ.Қ. Мырзабаев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Н.А.Мулюкова. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты А.Н Наилова. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры А.Қ. Байұзақов, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғ.С.Тоқабаева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жас қалам» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан, сондай-ақ Алматы қаласы мен Бостандық ауданы әкімдіктерінің өкілдері, Алматы қаласы кітапханаларының басшылары қатысады.

«Парасат жолы» Орталығының негізінде жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізіледі. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы азаматтық қоғамның түрлі өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналады.

«Парасат жолы» орталығында сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес = Борьба с коррупцией» тұрақты кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.

Бұл қазіргі уақытта қоғамдағы үлкен назар аударарлық ең өткір мәселелердің бірі.

Көрменің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау. Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімелейді, өйткені бүгінде онымен тиімді күресуді барша адамзаттың жауапкершілігінсіз іске асыру мүмкін емес. Жәдігерлер сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған шаралар жүйесімен таныстырады, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік және бұл құбылыс салдарының әлеуметтік қауіптілігі туралы баяндайды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан монографиялар, оқу құралдары, ұжымдық ғылыми жинақтар, конференция материалдары, журнал мақалалары ұсынылған. Басылымдардың ішінен сыбайлас жемқорлықтың тарихы, оның алдын алу және онымен күресу жолдары туралы пайдалы ақпарат алуға болады.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер: заңнамалық база, түрлі саладағы сыбайлас жемқорлық түрлері (мәдениет, білім беру, медицина, бизнес және т.б.), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстандағы және шет елдердегі қазіргі жағдай, сыбайлас жемқорлық түрлері және өмірдің түрлі салаларындағы оның көрінісі тақырыптары бойынша бөлінген. Бөлімдердің бірі осы түсініктің түрлі аспектілерін ашатын БАҚ мақалаларын ұсынады.

Салтанатты шараға Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, оқырмандар шақырылды.

парасатжолы1   парасатжолы2   парасатжолы3
парасатжолы4   парасатжолы5