+7 (727) 267-28-83

диссертация

Салық Зиманов атындағы Диссертациялар бөлімінің оқу залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  "Тәуелсіздік дәуіріндегі ғылым" атты диссертациялық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгінде Қазақстан - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан ТМД, ЭЫҰ және ШЫҰ мүшесі болды. Республика Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіреді. Қазақстан сондай-ақ БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесі, Түркі кеңесі және Ислам Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылады. Ол НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасының белсенді қатысушысы.

Көрмеде еліміздің тәуелсіздік жылдарында өз жұмыстарын қорғаған Қазақстан ғалымдарының диссертациялары ұсынылды. Жұмыстар мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына арналған. Диссертациялар біздің елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық–саяси салаларда болып жатқан аса маңызды оқиғаларды, Қазақстандағы партиялық құрылыс үдерісін, сондай-ақ ҚР Парламентіндегі, мемлекеттің сот және атқарушы жүйелеріндегі өзгерістерді көрсетеді. ҚР қалыптасуының конституциялық-құқықтық негіздеріне, президенттік институтқа және оның Қазақстанның егемендік алу үдерісіндегі рөлінің артуына, Астананың қалыптасуы мен дамуының тарихи жолына арналған жұмыстар. ҚР Қарулы Күштерінің тарихы мен дамуына, өтпелі кезеңдегі ҚР кеден саясатының қалыптасуына арналған диссертациялар.

Жақын және алыс шет елдермен (Өзбекстан, Қытай, АҚШ) халықаралық қатынастарды, жас мемлекеттің жастар саясатын ашатын, сондай-ақ мәдениеттің, әдебиеттің, музейлердің, халықаралық туризмнің, ақпараттық технологиялардың дамуын көрсететін жұмыстары қойылды. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық, рухани-адамгершілік патриотизмді дамыту, тәуелсіз Қазақстанның саяси үдерістері жүйесіндегі әйелдердің рөлі туралы, БАҚ-тың, журналистиканың рөлі және республиканың егемендігі жағдайындағы ұлттың рухани әлеуеті туралы қорғалған ғылыми жұмыстар ұсынылды.

Көрмеге К.Е. Көшербаев, Н.З. Нығматулин, И.Н. Тасмағамбетов, Қ.А. Мәми, М.А. Құл-Мұхаммед, Қ.С. Сұлтанов, Р.А. Бердіғалиева және т.б. республиканың көрнекті қоғам, ғылым және мемлекет қайраткерлерінің диссертациялары қойылды.

Диссертациялар көрмесімен Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның тарихы мен қалыптасуына қызығушылық танытқан ғалымдар, магистранттар, докторанттар мен ізденушілер таныса алады.