+7 (727) 267-28-83

ифла24 ақпан, сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша Қазақстан) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының кезекті онлайн-отырысын өткізді.

Аталған  іс-шара  кітап өнерінің ежелгі дәстүрлерін қалпына келтірумен айналысатын елдер, ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жұмыс жасайтын  Жазба  құжаттарды  консервациялау  және қалпына келтіру мектебі  жұмысының  нәтижесі ретінде өткізілді.

Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Әбу Райхон Беруни атындағы Шығыстану институтының консервация және қалпына келтіру қызметінің жетекшісі Салимов Мариф және мамандары «Бұхара өнер мектебі: лакталған түптеуді дайындау» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын ұсынды. Өзбекстанның қалпына келтірушілері Орта Азия кітаптарының көркемдік безендіру ерекшеліктерімен және тәжірибелерімен бөлісті, кітап  түптеудің түрі, пішіні, материалдары бойынша бөлінетін әртүрлілігі туралы айтып берді, сондай-ақ көптеген сұрақтарға жауап беріп, ұсынымдар ұсынды. Шеберлік сыныбы қалпына келтірушілердің қызығушылықтарын тудырып, олар Бұхара мектебінен шеберлік сабағын оқуға және кәсіби қалпына келтірушілердің онлайн-диалогын жалғастыруға ниет білдірді.

ҚР  Ұлттық кітапханасының  қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі, х.ғ.к., Б.Ш. Сәрсенбаева отырыстың модераторы болды.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және т. б. елдердің  қалпына  келтіруші мамандары  қатысты.

ифлапак