+7 (727) 267-28-83

тусаукесер1

3 наурыз, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлының «Если можешь идти к источнику, не пей из кувшина. Энциклопедия человеческой мудрости» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар бөлімінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашып, тұсаукесерді әрі қарай модератор, Академияның Баспасөз қызметінің басшысы Бейсебаева Алия Ерланқызы жүргізді.

Білім және ғылым саласында өзіндік орны бар, тарихнама, естелік, математика ғылымдары бойынша бірнеше кітаптардың авторы Қайрат Закирьяновтың кезекті туындысы әр түрлі кезеңде, өңірлерде өмір сүрген тұлғалардың ақыл-ой, парасатын баяндайды.

Автор жаңа кітабында ұлы адамдардың нақыл сөздерін жинап қана қоймай, өзінің өмірлік және көпжылдық кәсіби тәжірибесімен де бөліседі.

Сөз сөйлегендер: А. Макогонов, М. Хван, С. Минбаева және т.б.

тусаукесер2   тусаукесер4   тусаукесер5   тусаукесер6
тусаукесер7   тусаукесер8   тусаукесер3

 

Іс-шара соңында Автор өз қолтаңбасымен кітаптарын сыйға тартты.

Сайтта

Қазір сайтта 454 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.