+7 (727) 267-28-83

kr

9 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы Қырым Алтынбековтің "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының Тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Лұқпанова Яна Амангелдіқызымен кездесуі өтті.

Я.А. Лұқпанова ҚР Ұлттық кітапханасында тұрақты жұмыс істейтін "Қазақстанның жазба мәдениеті уақыт ағымында: жазу тарихы және жазу ескерткіштерінің жандануы" көрмесінде ұсынылған жәдігерлер, оның ішінде Б. з. д. VI-V ғғ. жататын - Сармат абызы бірегей олжасы туралы егжей – тегжейлі және мазмұнды айтып берді. Жәдігер Батыс Қазақстан облысының Тақсай I археологиялық кешенінің қорғандарынан табылған.

kr2   kr3

 

Сайтта

Қазір сайтта 438 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.