+7 (727) 267-28-83

ахмет жұбановӨнер бөлімінің оқу залында әйгілі қазақ композиторы, музыкатанушы, педогог, дирижер, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің халық әртісі, өнертану докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Өмірін  өнерімен  өрнектеген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде қазіргі Ақтөбе облысының Қосуақтам шатқалында дүниеге келген. 1932 жылы Ленинград консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірді. 1934 жылы ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін құрды және 1945 жылға дейін оның дирижері, 1935-1937 жылдары  Ж.Жабаев атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі болды. 1961 жылдан бастап ол Әдебиет және өнер институтының музыкалық өнер бөлімін басқарды.

1918 жылы Жұбанов Жұрындағы екі жылдық орыс мектебін бітірді,  кейін мұғалімдерді даярлау курстарын тәмамдап, Темір қаласында жұмыс істеді. Жұбановтың Ақтөбеде өткізген жылдары оның өмірінде ерекше маңызды болды. Мұнда ол Варшава консерваториясын бітірген әйгілі скрипкашы Чернюкпен танысты. Жұбановқа   А.В.Затаевичтің сол уақытта жарыққа шыққан  «Қазақ халқының 1000 әні» кітабы үлкен әсер қалдырды. 1938 жылы А.Жұбанов Ленинградта М.И. Глинка  атындағы музыкалық колледждің студенті болды. Ол тәжірибелі мұғалім А.А. Этигонның скрипка сыныбында оқыды. Жұбанов техникум қабырғасында орыс және шетел классиктерінің шығармаларымен танысады. Кейін талантты музыкант Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының гобой сыныбына түседі.  Ахмет Жұбанов - жоғары музыкалық білім алған алғашқы қазақ. 1932 жылы Жұбанов Алматыға жұмысқа шақырылды.

А.Жұбанов қазақ тіліндегі алғашқы «музыкалық әліппе» құрастырды, музыкалық кабинет және қазақтың халық аспаптарын жетілдіру бойынша эксперименттік шеберхана ұйымдастырды. Алматы қаласына Ленинградтан Е.Брусиловский, Орал облысынан Л.Мұхитов, Қызылордадан М.Бөкейханов, ағайынды Романенколар және т.б.  жұмысқа шақырылды.                                                                

Мұнда Жұбанов студенттік домбыра ансамблін құрды, ол 1934 жылы Бүкілқазақстандық халық таланттары слетінде өнер көрсетті. Көп ұзамай ҚазОАК Төралқасы  ансамбльдің негізінде қазақ ұлт аспаптар оркестрін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемге әйгілі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі осылай дүниеге келді, оның дирижері әрі көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.

А.Жұбановтың 1938-40 жылдардағы композиторлық қызметі екі бағытта дамыды, ол халық әндері мен күйлерін өңдеумен айналысып, өз шығармаларын жазды. 1939 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш - Баян-Сұлу» пьесасына музыка жасады. Композитор М.Ф.Гнесинмен бірлесіп «Амангелді» фильмінің музыкасын дайындады. Кейіннен ол М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М.Әуезовтің «Абай» драмалық спектакльдеріне музыка жазды.

А.Жұбанов көптеген жылдар бойы Алматы мемлекеттік консерваториясының қазақ халық аспаптары кафедрасын басқарды, онда қазақтың халық музыкасы тарихына арналған арнайы курсты жасады. Қазіргі танымал музыканттардың көпшілігі - Ахмет Жұбановтан тәлім-тәрбие алған. Олар: Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Рүстембек Омаров және т.б. А.Жұбанов 1968 жылы 30 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.

 «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты кітап көрмесінде оның өмірі мен шығармашылық, ғылыми-педагогикалық жолын ашатын материалдар, музыкалық туындылар, ноталар мен кітаптар ұсынылған.

                                          Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!