+7 (727) 267-28-83

АА25 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.

Кітапхана қызметкерлерімен кездесу барысында жобалық кеңсенің төрағасы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.

Кездесуге ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, оның орынбасарлары, қаржы-экономикалық және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің мамандары, кадр маманы, сондай-ақ «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалының төрайымы Нұрғалықова Сәуле Нақыпқызы қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелері талқыланды.

АА1   АА2
АА4   АА5