+7 (727) 267-28-83

Қостанай

3 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова Қостанай облысы Наурызым аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Наурызым аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесіне барды.

Сапар барысында ОКЖ директоры Тасқымбаева Бийнегүл Төлетайқызымен және кітапхана ұжымымен кездесіп, республикадағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайы, Ұлттық кітапхананың 110 жылдық мерейтойы мен қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы мәліметтермен және ақпаратпен бөлісті.

Бақытжамал Қайырбекқызы ұжым мүшелерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың қызметі туралы толықтай ақпарат берді. Республика кітапханаларының жұмысын үйлестіру және олардың мүдделерін қорғау мақсатында құрылған Одақтың кітапхана саласының өзекті мәселелері бағытында атқарып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып, Одаққа мүше болу шарттарымен таныстырды.

Осы жұмыс кездесуі барысында Бақытжамал Қайырбекқызы сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлерімен кездесті. Олар Науырзым ауданын этномәдени зерттеу және мониторингілеу бойынша арнайы экспедицияға шыққан мамандар. Экспедицияның мақсаты - Науырзым ауданының қоныстану тарихы, тұрғын үй құрылысының ерекшеліктері және жергілікті халықтың тұрмысы, флорасы мен фаунасы, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылардың этнографиясы бойынша ақпарат жинау, ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу.

Экспедиция Қарамеңді, Шолақсай, Шилі, Раздольное, Өлеңді, Қожа, Дәмді ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесіп, қазақ халқының қолданбалы қолөнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін, халық әндерін және т.б. жинақтауда.

Кездесу аясында Бақытжамал Қайырбекқызы кітапхананы аралап, оның қызметімен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Қостанай1   Қостанай2
Қостанай3   Қостанай4