+7 (727) 267-28-83

Н.Төреқұлов

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында филология ғылымдарының докторы, қазақ халық шығармашылығын зерттеуші және жазушы Нысанбек Төреқұловтың 100 жылдығына арналған «Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Нысанбек Төреқұлов 1921 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Бәйдібек ауданының Досан ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика факультетін бітірген (1960).  Журналистер одағының (1959) және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995). 2008 жылы 22 қарашада қайтыс болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорында Нысанбек Төреқұлов туралы  оның ғылыми еңбектері мен мақалалары, әңгімелері мен очерктері, сондай-ақ мерзімді басылым беттеріндегі ол туралы естеліктерінен тұратын 200-ден астам материалдар бар. Кітап көрмесінің мақсаты – зерттеуші ғалым және жазушының өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру, насихаттау, сондай-ақ оқырмандардың назарын осы тұлға туралы көбірек білуге аудару.

«Қазақ шешендерінің кемеңгері» атты кітап көрмесі Н.Төреқұловтың өмірбаянына арналған бөлімдер – энциклопедиялар, отбасылық фотосуреттер, соғыс жылдарындағы фотосуреттер және ол туралы әдебиеттермен ашылады.

Көрменің келесі бөлімі ғылыми қызметі, ғалым-зерттеушінің ең танымал және маңызды жұмыстарын қамтиды. Н.Төреқұловтың қазақ халқы билер сотының  шығармашылығына және қазақ халқының фольклорын, оның көрнекті өкілдерінің бірі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерттеуге арналған еңбектері қазақ әдебиеттануының дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады. «Жамбыл мен Кенен», «Жүз жасаған бәйтерек», «Жамбыл», «Алатау асқарынан жыр асырған», «Қазақтың 100 би-шешендері», «Билер сөзі – ақылдың көзі», «Даланың дара ділмарлары», «Ғұмырнамалық баян» сияқты  басылымдардың құндылығы қазақ халқының көрнекті ораторларының өмірі мен қызметін алғаш рет таныстыратын энциклопедиялық мәліметтердің ауқымында жатыр, олардың ішінде есімдері  бар Майқы би, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге, Мөңке Т.Төреқұлов қазақ халық поэзиясының тереңдігі мен даналығын, оның бейнелерінің сұлулығы мен ұлылығын түсінуге, осы құндылықтарды оқырманға жеткізуге, халық шығармашылығының үздік өкілдерінің жауһарларын халықтың шынайы игілігіне  айналдыруға  деген  ұмтылысқа  толы.   Ғалым М. Әуезов, М. Ғабдуллин, М.Қаратаевтың жетекшілігімен шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» 6-томдық басылымына қатысты. Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Есдәулет және Орынбай сияқты 500-ге жуық халық ақындарының өмірі мен шығармашылығын зерттеу және материалдар жинаумен айналысқан. 4 томдық «Қазақтың 100 би-шешендері» энциклопедиясының авторы. Н.Төреқұлов 1996 жылы Ж.Жабаев туралы құнды еңбектері үшін Жамбыл атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.

1965 ж. Н.Төреқұлов «Афоризмы в казахской литературе» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1984 ж. «Современное казахское устно-народное и индивидуальное творчество. (Жанровый состав и структурно-функциональные особенности)»  тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Көрменің үшінші бөлімі Н.Төреқұловтың жазушылық қызметіне арналған. Ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының патриоттық ерліктері туралы Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Суханбаев, Садық Әбдіжаппаров, Бейсен Оңтаев, Қарсыбай Сыпатаев және комиссар Хаби Халиуллин туралы көптеген әңгімелер мен очерктер жазды. Оның «От кешу» (1982), «Қырық хикая» (1985) шығармалары айқындығымен, ойының нақтылығымен және көркем тілімен ерекшеленеді.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 702 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.