+7 (727) 267-28-83

ҚК2020

Қазақстан кітапханалары – 2020 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық-сараптамалық шолу = Библиотеки Казахстана – 2020 год. Факты и цифры: Информационно-аналитический обзор  /  ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред.  Б.Қ.  Оспанова;  ред.  алқа:  Б.Ж.  Жүнісбеков, Г.А.  Маханбетова.; құраст.: А.Л. Кривков,  Г.Т. Рахимжанова, Г.Т. Ауғанбаева, Р.М. Күздеубаева – Алматы, 2021. – 191 б.

 

«Қазақстан кітапханалары – 2020 жыл» ақпараттық-сараптамалық  шолуы шығарылды, онда ҚР кітапханаларының маңызды жұмыс бағыттары бойынша статистикалық көрсеткіштері ұсынылған.

Кітапхана ісін дамытудың негізгі мәселелері, соның ішінде қаржыландыру, халықты кітапханалық қызмет көрсетумен қамту, кітапхана желісінің тығыздығы және кітапханалардың қолжетімділігі қарастырылған. 2018 жылдан 2020 жыл аралығындағы кітапхана қорының статистикасы, пайдаланушыларға қызмет көрсету, кітапхана кадрлары, электронды ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіштерінің үш жылдық динамикада қарастырылған.

Статистикалық деректер COVID-19 пандемиясымен күресу үшін ҚР-да 2020 жылы енгізілген карантиндік шаралардың тіркелген пайдаланушылар саны мен келушілер санына, құжат беріліміне (кітап), оқылымға, кітапхана қорының айналымына және т. б. көптеген кітапхана ісіне өзара байланысты көрсеткіштерге әсері көрсетілген.