+7 (727) 267-28-83

ӨЖ

Өнер бөлімінің оқу залында мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына арналған «Өресі биік, өнегелі тұлға – Өзбекәлі Жәнібеков» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Өзбекәлі Жәнібеков (28.08.1931-22.02.1998) - Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген. Еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастап, ОК хатшысы лауазымына дейін жеткен.

Ө. Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғыртуға және дамытуға елеулі үлес қосты. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру бастамасын көтерді. Ө. Жәнібековтың бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Ө. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай» т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.

Ө. Жәнібеков - қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті бойынша этнографиялық зерттеулердің авторы:  «Культура казахского ремесла» (1982), «Эхо» (1991), «Караван времени» (1992), «Жолайырыкта» (1996), «Қазақ киімі» (2005) және т.б. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Кітап көрмесінің мақсаты - көрнекті этнограф, қоғам қайраткерінің шығармашылық мұрасын насихаттау.

Көрмеге Ө.Жәнібековтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар қойылды.

 

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 389 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.