+7 (727) 267-28-83

тіл

1 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай дайындалған ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевтің «Тіл және тұлға» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет ашып, әрі қарай А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізді.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Қали Сәрсенбай, Зейнеп Базарбаева, Жамал Манкеева.

Ғылыми-танымдық портреттер ҚР ҰҒА және республикалық «Ана тілі» газетінің бірлескен жобасы негізінде әзірленген бұл еңбекте Ұлттық ғылым академиясының академиктері - қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев сынды аға буын өкілдері мен осы саланы одан әрі дамытуға атсалысып жүрген тілші-ғалымдардың ғылыми-шығармашылық қызметі, негізгі ғылыми еңбектері туралы мақалалар топтастырылған.

Сондай-ақ белгілі тұлғалардың белгісіз қырлары жөнінде де жан-жақты сөз болды.

Сөз сөйлеген қонақтар: А.Фазылжанова, З.Базарбаева, Ж.Манкеева, Сәрсенбай Қали, А.Салқынбай, Ж.Балтабаева, Т.Ермекова, Ж.Сүлейменова, Ә.Сапарбаев, Қапалбек Бижомарт, Бақыт Қалымбетұлы және т.б. жас ғалымдар ойларын ортаға салды.

Жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды және қатысушыларға таратылды.

Шараға ҰҒА мүшелері, зиялы қауы мен БАҚ өкілдері қатысты.

тіл2   тіл3   тіл5
тіл8   тіл1   тіл6
тіл4   тіл9   тіл7

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 318 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.