+7 (727) 267-28-83

ЕТ

7 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда қазақ театр өнеріне 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан белгілі режиссер, драматург, тарихшы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ерсайын Төлеубайдың үш томдық жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізді.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Қали Сәрсенбай, Айдос Бектеміров, Болат Әбділманов, Айгүл Ісмақова, Кенжехан Матыжанов.

Сөз сөйлеген қонақтар: Қ.Омар, Ғ.Әнес, А.Бектеміров, Б.Әбділманов, Г.Қазақбаева, А.Ісмақова, Қ.Сәрсенбай, А. Мұқан, Е.Нұразхан, Ә.Қайырбеков және т.б.

Шарада өнер жолындағы өмір өткелдері мен аға ұрпақтан алған өмір сабақтары, замандастары туралы естеліктері, ой-тәжірибесі мен шығармашылық ізденістері жөнінде пікір алмасты.

Автор өнер жолына түскен және өткен тарихқа құрметпен қарайтын көпшілік оқырманға арналған жаңа туындысын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты және өз қолтаңбасымен қатысушыларға да табыстады.

Шараға өнер және кино қайраткерлері, достары және т.б. қатысты.

ЕТ1   ЕТ2   ЕТ3  
ЕТ4   ЕТ5   ЕТ6
ЕТ7   ЕТ8   ЕТ9

 

Сайтта

Қазір сайтта 640 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.