+7 (727) 267-28-83

цифрлы

8 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына тарих ғылымдарының докторы, профессор, ежелгі түркі тарихын, Тан Қытай елінің мәдениеті мен тарихын, ұйғыр және қытай историографиясын, диаспорологиясын зерттеуші Камалов Аблет Каюмович «Тюрки и иранцы в Танской империи» кітабын табыстап, туындыны Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана порталына орналастыру туралы келісімшартқа қол қойды.

Монография негізінен қытайлық дереккөздерді талдау негізінде Тан империясының (618-907 жж.) тарихындағы түркітілдес және иран тілді халықтардың рөлі мен орнын баяндайды. Тан империясының тарихын автор тек Ханьдықтардың ғана емес, сонымен бірге орта мемлекетте өмір сүрген және оның әскери-саяси күші мен мәдени дамуына үлес қосқан барлық этникалық топтардың тарихы ретінде қарастырады. Тан империясының әскери, саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі түріктер мен иран тілді халықтардың рөлін оның үш жүз жылдық тарихының барлық кезеңдерінде байқауға болады.

Кітап тарихшыларға, шығыстанушыларға, мәдениеттанушыларға және ежелгі түркілердің, ирандықтардың және Қытайдың тарихына қызығушылық танытқандарға арналған.

Сайтта

Қазір сайтта 204 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.