+7 (727) 267-28-83

М.Жұмабаев

13 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова, директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова Көкшетау қаласында өтіп жатқан «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейіне барды.

Музей директоры Ибраев Талғат Қайыркенұлы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына «Мәлік Ғабдуллин – қазақтың Оқжетпесі» кітап-альбомын сыйға тартты.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова мен ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова Ақмола облыстық телевидениесіне барып, «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруіне арналған хабарға сұхбат берді.

М.Жұмабаев1   М.Жұмабаев2
М.Жұмабаев3   М.Жұмабаев4

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.