+7 (727) 267-28-83

Андрей

13 қазанда Б.Н. Ельцин атындағы Президенттік кітапханада (Санкт – Петербург қ.) мұрағаттар мен мұражайлардың және кітапханалардың мәдени мұрасын сақтау бойынша жыл сайынғы интеграциялық форум аясында «XIX ғасырдағы Ресей мен Еуропадағы шаруалар мәселесі: цифрлық ортада зерттеудің заманауи әдістері: крепостнойлықтың жойылғанына 160 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысына онлайн форматта т.ғ.к., ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің қызметкері А. Л. Кривков "Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы Ресейдің шаруа мәселесі бойынша әдебиеті" атты баяндамасымен қатысты.

Дөңгелек үстел барысында айтылған баяндамалар мен хабарламалар ХІХ ғасырдағы шаруалардың жағдайын салыстырмалы талдауға, 1861 жылғы шаруа реформасының Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне, кітапханалар мен мұрағаттардағы шаруа мәселелері бойынша сандық жинақтарды қалыптастыруға арналды.

АндрейК   АКривков

 

Сайтта

Қазір сайтта 293 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.