+7 (727) 267-28-83

ӘАкадемиясы

28 қазан, сағат 15.00 – де ҚР Ұлттық кітапханасындағы Әдебиет академиясы залында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Отаным – отты жырым» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шараны Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Мұратхан Шоқан ашып, қатысушыларды Әдебиет академиясы залының жұмысымен таныстырды.

Іс-шараға №187 бала-бакша меңгерушісі Фарида Өмірбекова, кітапхана жанындағы «Жас қалам» клубының мүшелері: Бақытгүл Тұрсынбаева, Наурызбай аудандық кітапханасының кітапханашысы Лаззат Исабаева,  Алматы Теміржол көлігі колледжінің ақындар ұйымының қосбасшысы Құынышбек Талшын және студенттері: Сәулетжанұлы Данияр, Ырыскелді Ақбота, Ильяс Коркем, Нұрқасымов Абзал, Қуанышбекқызы Айым, Сейілғазы Жәнібек және Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері: Полатбек Зарина, Ұлыхан Нұршат қатысып, ел мен жер, Отан туралы патриоттық өлең-жырлар оқыды. Кештің соңында шығармашыл жастарға сыйға кітаптар табысталды.

ӘАкадемиясы1   ӘАкадемиясы2   ӘА3
ӘА4   ӘА5   ӘА6
ӘА7   ӘА8   ӘА9