24 қараша Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудың «Атырау Маржандары» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараның мақсаты - белгілі композитор Әбілахат Еспаев пен ақын Садықбек Адамбековтің «Маржан қыз» әнінің шыққанына 70 жыл толуына орай ән мұрасын насихаттау және әннің прототиві – атақты жылқышы, Социалистік Еңбек Ері Маржан Енбаеваны еске алу.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет ашып, ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу жүргізді.
Сөз сөйлеген қонақтар: Маржан Ғалымжанова, Заря Жұманова, Гүлжайнар Сүлейменова. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында «Маржан қыз» әні айтылып, жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасына және қонақтарға сыйға тартылды.
Қатысушылар: ақын-жазушылар, студенттер және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |