+7 (727) 267-28-83

К25 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» форумы өтті.

Форумға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Мұражайлар мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А.Пазылова, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғ.А.Майлыбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Ү.Д.Мұналбаева және еліміздің облыстық кітапханаларының басшылары, орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің директорлары, Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясы мен қоғамдық  өкілдері қатысты.

2021 жылғы 26 қарашада аталған іс-шараның жалғасы ретінде ҚР Ұлттық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Әдебиет, кітап шығару және кітапхана ісі жөніндегі көркемдік кеңестің «Кітапхана және оқырман: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты көшпелі жұмыс отырысы өтті.

Мақсаты: әдебиет, кітап шығару және оқырмандарды кітапханаға тартуды қоса отырып, кітапхана жұмысын дамытудың негізгі тұжырымдамаларын анықтау.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры А.Қ.Қойтанов оқырмандардың, кітапханашылардың және авторлардың электрондық тұғырнамадағы отандық баспа өнімдеріне қол жеткізу мәселесіне тоқталды.

Отырыс соңында Мұражайлар мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А.Пазылова ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Р. Райымқұлованың атынан   ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспановаға, сондай-ақ облыстық әмбебап, облыстық балалар, жасөспірімдер кітапханалары мен ОКЖ директорларына «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жылы» аясында өскелең ұрпақты оқуға және әдебиетті дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.

Оспанова   Смагұл   общ   Пазылова
СДосжан   общи   общий   умитханд