+7 (727) 267-28-83

Сматаев

8 желтоқсанда  Н.Дәулетова атындағы залда белгілі қазақ жазушысы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Софы Сматаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Сан қырлы суреткер» атты шығармашылық кеш өтті.

Іс-шараны жазушы Софы Сматаев өзінің монологымен ашты.

Шығармашылық кешті ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы жүргізді.  

Сөз сөйлеген қонақтар: Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, Ақын, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері Жұмаш Кенебай, Қазақстан қажылар қауымдастығының төрағасы Еркін Дунаев, әдебиеттанушы, Қазақстан жас жазушылары және өнер шеберлері қауымдастығының жетекшісі, Әлем халықтары жазушылары одағының президенті Гүлхан Айтақынқызы, белгілі қазақстандық киноактер, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы театр өнері факультетінің оқытушысы Әбу Ергенбай және т.б.

Іс-шара аясында дәстүрлі әнші, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Орманбеков Таңжарықтың орындауында ән шашу тарту етілді. ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары Айханым Абилкаирова, Маржан Нүсіпжанова, «Тұран» университеті журналистика факультетінің 1-курс студенті  Марзия Зейін С.Сматаевтың өлеңдерін оқыды, «Тұран» университеті журналистика факультетінің 1-курс студенті Шалқар  Ақса-қал С.Сматаевқа өз арнауын арнады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы С.Сматаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы және оның туындылары мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалаларынан «Сан қырлы суреткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер, журналистер қауымы және т. б.

Болат Жүнісбеков   ССматаев   ССматаев1
ССматаев2   ССматаев3   ССматаев4

 

Сайтта

Қазір сайтта 220 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.