+7 (727) 267-28-83

кемел

21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына белгілі  кемелтанушы, зерттеуші Бақытқали Сағымқожаұлы Айжігітов «Кемел ағаның аманаты» атты жаңа кітабын сыйға тартты. 

Қалың оқырманға жол тартқан бұл кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, жазушы, драматург, соғыс ардагері Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді. Қаламгердің кейінгі ұрпаққа аманаттаған ой иірімдері,  жазушының ата-бабалары туралы тың деректер мен танымал тұлғалардың Кемел Тоқаев туралы жазған естеліктері мен толғаныстары енгізілген. Бұл кітаптан ата-бабаларының өткеніне үңіліп, өзінің өміріне үлгі-өнеге іздеген жас ұрпақтың алар тағылым-ғибраты мол.