+7 (727) 267-28-83

114Әлем әдебиеті оқу залында «Француз жазушысы, драматург, актер Жан Батист Мольердің туғанына – 400 жыл» толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жан Батист Поклен -XVII ғасырдағы француз комедиографы, ғажайып  комедияның негізін қалаушы, театрдағы бүркеншік есімі Мольер. Ол 1622 жылы 15 қаңтарда Францияның астанасы Париж қаласында  дүниеге келген.

1636-39 жылдары Парижде Клермон колледжінде оқып, Орлеанда білім алды. 1641 жылы адвокаттар алқасына қабылданды, бірақ актер болуды шешті. Колледжде Мольер Сирано де Бержеракпен және комедияшылар Джозеф пен Мадлена Бежармен кездесіп, театрға деген сүйіспеншілігін арттырды. Олар «Блистательный театр» құрды, ол екі жылға да жетпеді. Репертуарында қайғылы жағдайлар болғандықтан, (дель арте комедиясы) сәтсіздікке ұшырады. Бірақ көрермендер италияндық  маскалық комедияларды артық көрді, ол уақытта өнер үшін қиын кезең еді.

Мольердің ең таңдаулы комедиялары – «Тартюф», «Дон Жуан», «Мизантроп» екіжүзділік пен айқын ізгілікке, ақсүйектердің рухани бостығына қарсы бағытталған. Өмірдің түрлі кезеңдерін зерттей отырып, Мольер кейіпкерлерді жан-жақты бейнелеуге тырыспай-ақ, белгілі бір типтерді бейнелеу үшін қажетті белгілерді ғана таңдады. Драматург комедияларында адамның мінезі күрделі алуан түрлілікте емес, басым сипатты көрсету арқылы ашылған, сондықтан да Мольердің сатиралық бояулары қанық болды. Комедиялар сатиралық, ирониялық, саркастикалық реңктері бар сергек, оптимистік реңмен сипатталады.          Мольер драматургиясы француз комедиясының ғана емес, Англияда, Италияда, Германияда ұлттық реалистік драматургияның дамуына серпін берді.

Негізгі шығармалардың ішінде (отыздан астам пьесалар) 1659 жылы қарашада Парижде «Күлкілі жамандықтар» комедиясы қойылды. Содан кейін: «Күйеулер мектебі» (1661) - жас қыздарды тәрбиелеу әдістері туралы, «Әйелдер мектебі» (1662) шығармасы. «Тартюф, или Обманщик» (1664), «Дон Жуан, или Каменный гость» (1665), «Мизантроп» (1666), «Сараң» (1668), «Господин де Пурсоньяк» (1669) атты комендиялары болды. Мольердің соңғы елеулі шығармалары – «Блистательные любовники», «Мещанин во дворянстве» (1670), «Скапеннің айласы», «Білімді әйелдер» (1971), «Мнимый больной» (1673) комедия-балеттер ретінде жазылған.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Жан Батист Мольердің  француз, орыс және қазақ тілдеріндегі аудармалары, сонымен қатар Ж.Мольердің шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

                                                                 Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!