+7 (727) 267-28-83

2

16 ақпанда Әдебиет академиясының залында 2022 жылдың – Балалар және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы деп жариялануы аясында және «Көркемсөз» әдеби клубының жұмысы форматында жас ақындардың қатысуымен «Отан, сеңің алақаның тым ыстық!» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету, әдебиет арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, балалар мен оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, балалар және әлем әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқуға қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.

Кеште жас ақындар: «Бәйтерек» орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тұрсынбаева Бақытгүл және Алматы қаласының Наурызбай ауданы қалалық кітапханасының кітапханашысы Исабаева Ләззат патриоттық, лирикалық өлеңдерін оқыды. Авторлар жас оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, кітап оқу және олардың өміріндегі кітаптың рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы қаласындағы №53 мектеп-гимназиясының 5-8-сынып оқушылары: Мұрат Қарақат, Ақанұлы Әлімхан, Берікқан Жанболат, Томас Санжар, Әбибулла Полатин, Маханов Мансұр, Ерекелі Кәусар өлеңдер оқыды.

Іс-шараны белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан жүргізді.

Іс-шараға шығармашыл жастар, студенттер мен оқырмандар, сондай-ақ Алматы қаласындағы N53 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

image 16 02 22 04 55 1   image 16 02 22 04 55 2   image 16 02 22 04 55 3
         
image 16 02 22 04 55 4   image 16 02 22 04 55 6   image 16 02 22 04 55 8