+7 (727) 267-28-83

5d6864d23add65e377beb3d366cda952 XL

Н.Дәулетова атындағы залда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан қасиетті Отанымыз: қасіретті Қаңтар оқиғасының сабақтары» атты мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда бейбітшілік пен келісім, өзара сенім және барша Қазақстан халқына құрмет күні ретінде тойланады.

Ең қиын жылдарда қазақ жері түрлі тарихи жағдайларға байланысты осында қоныс аударуға мәжбүр болған миллиондаған алуан түрлі ұлттар мен ұлыстарды қабылдады. Олар мен олардың ұрпақтары Қазақстанды жаңа Отандарындай көріп, мемлекетіміздің дамуына лайықты үлес қосты. Алғыс айту күні халқымыздың береке-бірлігі жолында достықпен және келісіммен өмір сүрейік деген ниетпен бір-бірімізге құрмет көрсетеміз.

Қаңтар айының басында Алматыда және Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алған қайғылы оқиғалар қоғамымыздың келеңсіз тұстарын да, оң әлеуетін де айқындап берді. Қауіп-қатер кезінде жанқиярлық және өзара риясыз қолдау көрсету жеке қазақстандықтардың адамгершілігінің жағымды жақтарын көрсетті. Президент Қ-Ж.Қ.Тоқаев тек Алматыда ғана емес, республиканың басқа да қалаларында ел тағдыры үшін азаматтардың жоғары адами қасиеттерін атап өтуі бекер емес. Қазақстан басшысы сын сағатта ерлік көрсеткен азаматтарға алғыс айтты, сондай-ақ қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың туған-туыстары мен батырларына марапаттар табыс етті.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы мерзімді басылым беттерінде осынау ел басына күн туған мезетте барлық зардап шеккендерге көмек көрсеткен өрт сөндірушілердің, полиция, медицина қызметкерлерінің, жедел жәрдем жүргізушілерінің, еріктілердің және қарапайым азаматтардың жанқиярлық ерліктері туралы материалдар мен мақалалар қойылған.

Көрмеге келуге шақырамыз!