+7 (727) 267-28-83

277356080 4841581445939274 7400852363124063037 n

25 нарызда Н.Дәулетова атындағы залда «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі және Алматы қалалық әкімдігі бірлесе отырып еліміздегі  «Бала тәрбиесі – буллинг және отбасындағы зорлық-зомбылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Отбасындағы буллинг және зорлық-зомбылық тақырыбындағы  мәселелерді талқылау.

Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымбек Жолаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Адам құқықтары жөніндегі заңгер, PhD Халида Ажигулова қатысты. Сондай-ақ оған елімізге белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, педагогтар, психологтар, бала құқығын қорғау жөніндегі заңгерлер, депутаттар, БАҚ өкілдері, Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері т.б. кәсіби мамандар атсалысты.

276208562 4841581462605939 2081126559852501061 n   277350435 4841581835939235 4297906486589399129 n   277364939 4841581555939263 5963808203151339271 n   277432912 4841581759272576 8285494684407534559 n