+7 (727) 267-28-83

комл

22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына 23 сәуірде  атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022» мерекелік іс-шарасының аясында Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қыздары Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты таңдамалы шығармалары мен кітаптарын сыйға тартты.

 

Сонымен қатар, белгілі жазушы, әдебиеттанушы-ғалым Хасен Әдібаевтың кітаптарын немересі Шолпан Тимурқызы сыйға тартты. Шара барысында «Арыс» және «Баян жүрек» баспалары оқырмандарға кітап жәрмеңкесін ұйымдастырды. Баспалар кітапхана қорына 30-ға жуық кітап сыйлады. Сонымен қатар, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, қазақ суретшісі Анара Амирова  кітапханаға өзінің кітаптарын сыйлады.

комп1   комп2   комп3