+7 (727) 267-28-83

Шара

Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР Халық әртісі, биші, ұстаз Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған «Қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - оқырмандарды Шара Жиенқұлованың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақ би мәдениетін, отандық хореографияның этно-ұлттық дәстүрлерін насихаттау.

Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР Халық әртісі, биші, ұстаз Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған «Қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - оқырмандарды Шара Жиенқұлованың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, қазақ би мәдениетін, отандық хореографияның этно-ұлттық дәстүрлерін насихаттау.

Шара Жиенқұлова (шын аты Гүлшара). Ол 18 тамыз 1912 ж. – 21 мамыр 1991 ж. Верный (қазіргі Алматы) бірінші гильдиялы көпесі Баймолда Жиенқұловтың отбасында он төртінші бала еді. 1929-1930 жылдары Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінде (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) оқыды.

Шара Жиенқұлованың бірінші рөлі – М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрындағы Б. Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пулиш. М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қарагөз» және т. б. пьесаларында Еңлік, Қарагөз рөлдерін сомдап, 1934 жылғы 13 қаңтарда Қазақстандағы жаңа мемлекеттік музыкалық театрдың шымылдығы алғаш рет көтерілген кезде, «Айман – Шолпан» спектаклінде (М. Әуезовтің музыкалық драмасы) қазақтың тұңғыш ұлттық биі «Келіншек» биін билегені жарқын сәттердің бірі болды.

Шара Жиенқұлова М. Әуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалық драмасында, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында халық билерін орындады. Ш. Жиенқұлова қазақтың тұңғыш ұлттық «Қалқаман – Мамыр» балетінде Мамыр партиясын биледі (1938). «Амангелді» кинофильмінде Балым рөлін сомдады.

1940-1962 жылдары Қазақ филармониясында қызмет атқарды. 1962-1966 жылдары ҚазКСР ән-би ансамблінің жетекшісі болды. 1966-1975 жылдары Жиенқұлова Алматы хореографиялық училищесінің (қазіргі А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі) директоры болып жұмыс істеді. Шара Жиенқұлова республика бойынша әртүрлі аймақтардың тұрмысы мен салт-дәстүрін зерттеп, көп саяхаттады. Осы сапарлардың нәтижесінде «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері пайда болды. 1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Марапаттары: Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1936), Қазақ КСР Халық әртісі (1938), Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақ мемлекеттік сыйлығының лауреаты  (1968). Қазақстанның елордасы Нұрсұлтан қаласындағы бір көшеге Шара Жиенқұлованың есімі берілген.

Көрмеге Шара Жиенқұлованың «Би құпиясы», «Достар биі» кітаптары, сондай-ақ 40 ұлттық би жүйеленген «Сымбат» монографиясы, би гауһарының 100 жылдық мерейтойына орай шығарылған қазақ биінің фотоальбомы, «Туған жердің әйелдері» атты суретшілердің жұмыстар жинағы, «Алматы қаласының тарихы тұлғалар келбетінде» атты кітабы және Шара Баймолдақызы туралы өмірбаяндық мәліметтер көрмеге келушілердің назарын аударады.

Кітап көрмесіне шақырамыз!