+7 (727) 267-28-83

297746068 5202848113145937 2656112926245678947 n

5 тамызда Н. Дәулетова атындағы залда қоғам қайраткері, прозашы, аудармашы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Маруана Хамзақызының «Қайран әкем» және «Выжить, вопреки. История одного казаха»  кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Қазақстан Жазушылар Одағы мен репрессияға ұшыраған  Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры.

Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашты. Іс-шараны «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бүбіш Айсариева, Әбен Нұрманов, Ертай Айғалиұлы, Амангелді Бейсеуов, Евгения Чернова, Сара Камерон.

Сөз сөйлеген қонақтар: филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, кәсіпкер Джордж Богушевский (АҚШ), қоғам қайраткері, «Бейбітшілік әлем» халықаралық творчестволық бірлестігінің Президенті Әбен Нұрманов, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, соғыс және еңбек ардагері Евгения Чернова, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, кітап авторының бауыры Асхат Алимов, Массачусетс университетінің профессоры  Сара Камерон (АҚШ) және т.б.

Қатысушылар: жазушылар,  ақындар, журналистер, әдебиеттанушылар, кітапханашылар мен оқырмандар.

297678132 5202848259812589 1570315334386652685 n   65878517587