+7 (727) 267-28-83

аклащш вриа21 қыркүйекте Н. Дәулетова  атындағы залда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ауған соғысының тарихи орны мен рөлі» атты конференция өтті.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы және «Social project management» орталығы.

Он жылға созылған Ауған соғысының аяқталғанына биыл 33 жыл толып отыр. Уақыт өткен сайын тарихшы ғалымдар бұл соғысты әр қырынан бағалап келеді. Бұл конференцияның ерекшелігі – соғыс тарихын майданға аттанып, сұрапыл соғысты өз көзімен көрген ардагерлер талқылады.

Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан жүргізді.

Сөз сөйлегендер: «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы, Ауған соғысы мен өзге де әскери қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерін үлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров, ҚР Қарулы күштерінің ардагері, полковник Мұхамеджан Әбдібеков және т.б. Ауған соғысы мен тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері.

Қатысушылар: Ауған соғысының ардагерлері, Тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері, офицерлер, жастар, студенттер, кітапханашылар және т.б.