+7 (727) 267-28-83

фолкнер

Әлем әдебиеті оқу залында американдық жазушы, прозашы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Катберт Фолкнердің туғанына 125 жыл толуына орай «Вселенная Фолкнера» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Уияльям Фолкнер 1897 жылы 25 қыркүйекте Миссисипи штатының Нью-Олбани қаласында Марри университетінің басқарушысы Чарльз Фолкнер мен Мод Батлердің отбасында дүниеге келген. Фолкнердің бала кезінде отбасы штаттың солтүстігінде орналасқан Оксфорд қаласына көшіп келді, жазушы бүкіл өмірін сол жерде өткізді. Уильям толық емес орта мектепті бітіріп, әрі қарай өз бетінше білім алып және Миссисипи университетіндегі дәрістерді үнемі тыңдаған.   

1919 жылы Уильям Фолкнердің әдеби дебюті болды: «The New Republic» журналында оның «Полуденный отдых фавна» атты өлеңі жарияланды. 1924 жылы алғашқы кітабы — "Мраморный фавн» өлеңдер жинағы жарық көрді.

Фолкнер алғашқы танымалдықты «Шум и ярость» романы шыққаннан кейін алды. Роман бай және даңқты Компсон отбасының деградациясы туралы болды. Романның лейтмотивтері - философиялық пессимизм, адамның өмір салтын бұзу, жеке тұлғаның ыдырауы, тарихтан, уақыттан қорқу, инцест адамның құрдымға кетуінің экстремалды көрінісі ретінде.

Фолкнер АҚШ-тың әйгілі жазушыларының, әлемге танымал болған. ХХ ғасырдағы жаңа американдық проза шеберлерінің қатарына жатады. Фолкнер әлемдік әдебиеттегі көрнекті тұлғалардың бірі болды. Ауызекі тілге және американдық халықтық дәстүрлерге сүйене отырып, Фолкнер бұл элементтерді әдеби модернизм мен символизмдегі және «сана сезімнің ағысы» әдебиетіндегі ең батыл еуропалық эксперименттерінде біріктіріп, өзінің өлмес шедеврлерін жасады. Әдебиетте Фолкнер француз символистерінің поэзиясындағы әсерді сезінетін «Мраморный фаун» (1924) поэзия циклімен дебют жасады. Фолкнерге әсер еткен жазушы Шервуд Андерсон болды. Олар 1925 жылы Жаңа Орлеанда танысты. Андерсон Фолкнерге «Солдатская награда» (1926) атты алғашқы романын шығаруға көмектесіп, оңтүстік тамырларын тереңірек зерттеуге шақырды.

Фолкнердің романдары - қатал, кейде қатыгез шындыққа тап болған жас ұрпақтың драмасы. ХХ ғасырда аталар мен әкелердің қаһармандық өткені туралы әдемі аңыздар мен қарама-қайшылықтар және моральдық құндылықтардың құнсыздануымен басталған.

Фолкнердің соңғы жылдары жазған шығармалары: «Осквернитель праха» романы; 1950 жылы жарық көрген әңгімелер жинағы; «Притча», Сноупс туралы трилогиясының аяқталуы; «Город», «Особняк» романдары және оның комедиялық жанрдағы «Похитители» романы. 1949 жылы режиссер Кларенс Браунның бастамасымен «Осквернитель праха» романының негізінде аттас фильм түсірді.

Уильям Фолкнер 1949 жылы заманауи американдық прозаға қосқан жарқын да бірегей үлесі үшін Нобель сыйлығын алды. 1955, 1963 жылдары жазушы Пулитцер сыйлығының иегері атанды.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесінде Уильям Фолкнердің кітаптары және әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде жазылған ол туралы әдебиеттер қойылды: «Дикие пальмы», «Звук и ярость» ағылшын тілінде; «Повести и рассказы» орыс тілінде; «За радугой» неміс тілінде және т. б.

Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!