14 қазандағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ Кеңесінің кезекті жұмыс отырысы «Кітапхана ісі» туралы заң жобасын талқылаумен басталды.
Қатысушылар заң тармақтарына жеке-жеке тоқтала отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Еліміздегі барлық кітапханалардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай облыстық кітапхана басшыларының пікірлері ескеріліп, заң жобасына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстандық Кітапханалық Одақтың басқару Кеңесі құрамы қайта қаралып, КҚО төрағасы, бірлескен төраға, жұмыс бағыттары бойынша секция жетекшілері мен мүшелері, тексеру комиссиясының құрамы сайланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Д.Сүлейменовамен «Кітапхана ісі» туралы заң жобасы бойынша онлайн кездесу өткізілді.
2022 жылғы 17 қазанда Астана қаласында Zoom конференц-байланыс тәртібінде «Кітапхана ісі» туралы Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс отырысын өткізу жоспарлануда.
ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова Кеңес отырысына қатысушыларға «Қазақстан кітапханалары – 2021 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолумен таныстырып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.