+7 (727) 267-28-83

обложка 1

Қазақстан кітапханалары – 2021 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық - сараптамалық шолу / ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред: Б.Қ. Оспанова; бас ред.орынб. А.Х. Юсупова; ред.алқа: Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова.; құраст.; А.Л. Кривков, Г.Т. Рахимжанова, Р.М. Куздеубаева– Алматы, 2022.–212 б.

Сараптама-статистикалық жинағында Қазақстан Ресупбликасындағы кітапханалар және олардың кітапханалық қызметі туралы қысқаша мәлімет берілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорына республикадағы жетекші кітапханалар мен облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар тарапынан онлайн тәртіпте енгізілген 2021 жылғы жұмыс есептерінің статистикалық деректері мен ақпараттары бойынша және облыс кітапханаларының есептерін саралау, зерделеу негізінде дайындалды. Қосымша кестелерде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жұмысының 2020-2021 жж. барлық бағыттағы негізгі көрсеткіштері  және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының негізгі көрсеткіштері ұсынылған.

Басылым кітапхана мамандарына, зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге және жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

обложка 2

 Кітапхана құқы = Библиотечное право: заң және нормативтік-құқықтық актілер жинағы. 17-шығ./ ҚР Ұлттық кітапханасы; бас.ред. Б.Қ. Оспанова; ред. А.Х. Юсупова; Г.А.Маханбетова; құраст. А. Қ.Мухарам. - Алматы, 2022. – 216 бет- қазақ, орыс тілінде.

«Кітапхана құқы. Библиотечное право» жинағының 17-ші шығарылымына Қазақстан Республикасында 2019-2022 жж. кітапхана ісі және мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер іріктеліп алынды.

Жинақта Қазақстан Республикасының мәдениет, мемлекеттік мүлік және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің, ҚР Қаржы министрінің, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған.

Басылым кітапханалық-ақпараттық сала мамандарына, мәдениеттанушыларға, мәдениет басқармасы мекемелерінің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ кітапхана ісі бойынша жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

обложка на каз.яз 3

Қазақстанның көрнекті кітапханашылары: анықтамалық /ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред. Б.Қ. Оспанова; ред. алқа. А.Х. Юсупова, Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова; құраст. Г.Т. Рахимжанова. – Алматы : «МИР» баспа үйі, 2022.- 372 бет.

Қазқстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығын дайындап, жарыққа шығарды. Анықтамалық «Қазақстандық кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен дайындалды.

Басылымда 1991-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан кәсіби мамандар, басшылар туралы анықтамалық ақпарат берілген.

Анықтамалықтың мақсаты – кәсіби кітапханалық-ақпараттық қоғамдастық қайраткерлері туралы толық ақпарат беру, мамандықтың ең жарқын өкілдері туралы көбірек білуге көмектесу, іскерлік қарым-қатынас жасау және ортақ мәселелерді шешуде серіктестер табу үшін мамандарға байланыс ақпаратын ұсыну.

Анықтамалық ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналастырылатын болады.

Анықтамалық кітапханашыларға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, кітапхана факультеттерінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ Қазақстанның кітапхана ісіне қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.