Қызмет жетекшісі:
Тоқтарова Жанар Амангелдіқызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-62
@mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Негізгі бағыттары:
- әдебиеттердің ашық қорында ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
- дәстүрлі және электронды түрде ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
- электрондық ақпараттарға қол жетімділікті ұйымдастыру;
- дәстүрлі карточкалы каталогты ұйымдастыру және жүргізу;
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
- электрондық каталогтан ақпарат іздеу және тапсырысты жүзеге асыру жөнінде кеңес беру;
- стандартты бағдарламаларды дербес пайдалану үшін компьютерлер ұсыну;
- баспа құжаттарын сканерлеу;
- мәтіндерді басып шығару;
- толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділік:
ПАРАГРАФ Қазақстан заңнамасы бойынша толықмәтінді электрондық дерекқоры. Дерекқорда нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндері, заңгер-ғалымдар мен тәжірибешілердің заңнамаға түсініктері, Жоғарғы Соттың және республиканың басқа соттарының шешімдері, сот тәжірибесінің шолулары, халықаралық құқық құжаттары; Қазақстан Парламенті қарастырған заң жобалары; құқықтық және іс құжаттарының үлгілік түрлері және басқа маңызды құжаттар; нормалар, ережелер, стандарттар, нұсқаулар, құралдар, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және басқа елдердің ілеспе нормативтік құқықтық актілері қамтылған;
EastView (орыс тілінде) ресейдің гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді басылымдары – Ресей ғылым академиясы институттарының археологиядан бастап лингвистикаға дейінгі салаларды қамтитын «қалың журналдарға», әйгілі «Новый мир» журналы мен тәуелсіз ғылыми журналдарға дейінгі қамтылған. Тақырыбы: тарих, мемлекет және құқық, жаратылыстану, әдебиеттану, медицина және денсаулық сақтау, ғылым және техника, философия, экономика, этнография;
EBSCO (ағылшын тілінде) экономика, бизнес, менеджмент, әлеуметтану, саясаттану, ақпараттану және басқа да ғылымдар жөніндегі басылымдарды қамтиды;
Springer link (неміс тілінде) ғылым, техника және медицина саласындағы мақалаларды қамтиды;
Science Direct (ағылшын тілінде) толықмәтінді дерекқор – медицина саласындағы ғалымдар, оқытушылар, студенттер, мамандар үшін және әлемдік ғылыми жарияланымдардың 25% құрайтын R&D департаменттерінің өнеркәсіптік кәсіпорындарының Elsevier жетекші ақпараттық тұғырнамасы;
Scopus (ағылшын тілінде) әлемдегі ең ірі бірыңғай реферативтік деркқор, халықаралық баспалардың ғылыми-техникалық және медициналық журналдарының 21,000-нан астам атауын индекстейді;
Мультимедийный лингвострановедческий словарь «Россия» бұрын шығарылған сөздіктерінің кітап нұсқалары негізінде құрылады және мультимедиялық контентпен (вербалды мәтіндер, репродукциялар, фотосуреттер, аудиожазбалар, бейнефрагменттер, караоке понорамалары, видеолекциялар) және интерактивті тапсырмалармен толықтырылады. Бұл оны бүгін белгілі оқу сөздіктерінен, соның ішінде электрондық сөздіктерден айтарлықтай ерекшелендіреді.
Оқырман залындағы ашық қорда ұсынылған:
- Білімнің барлық салалары бойынша CD, DVD электрондық басылымдар;
- Библиографиялық басылымдар;
- Анықтамалықтар, сөздіктер мен энциклопедиялар;
- Реферативтік журналдар;
- Жаңа әдебиеттер көрмесі;
- Дерекқорлар және Интернетке қолжетімділік.
Каталогтар залында келесі баспа каталогтары және электрондық каталог орналасқан.
Анықтама-ақпараттық қызмет көрсету қызметі орындайды:
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
- дәстүрлі карточкалы каталогтарды қалыптастыру және жүргізу;
- ҚР Ұлттық кітапханасының электрондық каталогынан Web-РАБИС жүйесіндегі «Іздеу және тапсырыс» модулінен оқырмандардың тапсырыстары бойынша кеңес беру;
- кітапхананың анықтама-іздеу аппаратын пайдалана отырып, библиографиялық сұраныстарды орындау;
- оқырмандарға анықтама-библиографиялық дереккөздерін ұсыну;
Ашық қор білімнің барлық саласы бойынша 32 мыңнан аса анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық басылымдардан тұрады; Қорда ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының және Ресей кітап палатасының кітап шежірелері, газет және журнал мақалаларының шежірелері, диссертация авторефераттарының, сонымен қатар Ресей ақпараттық-библиографиялық орталықтарының ВИНИТИ, ИНИОН РАН басылымдары ұсынылған. «Параграф» атты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарының толықмәтінді электрондық дерекқорларына, сонымен қатар EBSCO, EastView, Springer link, Science Direct, Scopus, «Россия» Мультимедиялық лингвоелтанулық сөздігі, әлемдік ақпараттық ресурстарының толықмәтінді дерекқорларына қолжетімділік ұсынылған, Wi-Fi жүйесінде Интернетке қолжетімділік бар.
Байланыс тел.: (7272) 267-28-62