+7 (727) 267-28-83

13

25 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақ руханиятының көсемі» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесінің мақсаты ─ ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау және оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби, ғылыми мұрасымен таныстыру. Кітап көрмесінде энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер ұсынылды. 

Қатысушыларды кітап көрмесімен Ұлттық кітапхананың «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ. Қасымбекова мен кітапханашы Н. Саева таныстырды.

Кітап көрмесін зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері және көпшілік қауым тамашалап, қызығушылық танытты.

12   11