24 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Литература России: вспоминаем классическую, открываем современную» атты Ресей кітап апталығы аясында белгілі орыс жазушылары: Гюзель Яхина, Анастасия Строкина, Олег Шишкин және Анна Эспарсамен шығармашылық кездесу өтті.
Кездесу модераторы орыс тарихшысы және мәдениеттанушысы Анна Эспарса болды. Шара зияткерлік стендап форматында өтті, онда қатысушылар жазушылармен бейресми жағдайда сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына және олардың шығармашылық жолдары мен болашаққа арналған әдеби жоспарлары туралы ақпарат алды. Ең қызықты сұрақтар таңдап алынып, оларға авторлардың қолтаңбалары қойылған кітаптар сыйға тартылды.
Кездесуден кейін әйгілі генерал, данышпан ақын және ХХ ғасырдың ең ұлы екі балеринасының «жалқаулар» тарихын біріктірген бірегей үйдің деректі тарихын баяндайтын, Анна Эспарсаның «Тайна московского особняка» атты қысқаметражды фильмі көрсетілді.
Кітапхана фойесінде «Орыс әдебиеті: тарих және қазіргі заман» атты авторлық иллюстративті стендтер көрмесі ұсынылып кездесуге келген қатысушыларға стенд бойынша Анна Эспарса танымдық шолу жасалды.
Іс-шараға: Ресей Федерациясының консулы, Алматы қаласындағы Ресей Ынтымақтастығының өкілі Татьяна Барышникова, «Аударма институтының» атқарушы директоры Евгений Резниченко, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, №134 лицейінің, №46 мектеп-гимназиясының оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |