+7 (727) 267-28-83

эмблема турк

Өнер бөлімінің оқу залында 2023 жыл – Түркі өркениетін дамыту жылына арналған «Түркі өркениеті өнер әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Түркі мемлекеттері ұйымына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.

Түркі елдері мыңдаған жылдар бойы шығыс пен батысты байланыстыратын, әлемдік өркениетттерді жақындастырып, мәдениеттерді байытатын мәдениет пен өркениет орталығы болды.

Көрменің мақсаты – көне және қазіргі түркі өркениетінің әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, сәулет өнері және басқа да баға жетпес мұраларын ашып, танымал ету және оқырмандарға ұсыну.

«Түркі өркениеті өнер әлемінде» атты кітап көрмесіне өнер мен мәдениет, музыка, археология мен сәулет, дәстүр мен әдет-ғұрып салаларындағы 200-ден астам материалдар қойылған: «Түркі халықтары көркем мәдениетінің бастауы мен эволюциясы»; «Қазақтан мен Орталық Азияның дәстүрі және қазіргі өнері»; А.Досымбаева, А.Нұсқабай «Құмай түрктік археологиялық-этнографиялық кешені»; Ж.Бейсенбайұлы «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері»; «Жібек жолының мұрагерлері. Өзбекстан»; Ю.Г.Мухаметшин, Н.А.Халиков «Түркі халықтарының мүлкі: Еділ мен Орал татарларының ауылдық тұрғын үйі»; С.Қаржаубай «Орхон мұралары»; С.В.Суслов «Түркі халықтарының костюмінің тарихы», «Қазақ өнері ортақ түркі мәдени дәстүрі аспектісінде»; Ж.Асанов «Едіге: аңыздар мен жырлар»; С.И.Өтеғалиев «Түркі халықтары музыкасының дыбыс әлемі: теория, тарих, практика»; «Түркі әлемінің ұлы композиторлары»; «Қырғызстанның бейнелеу өнері»; «Әзірбайжанның бейнелеу өнері», Л.Амилов «Өзбекстанның дәстүрлі зергерлік өнеріндегі өрнектердің құпиясы» және т.б.

Көрме жыл бойы тұрады және үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады.

Кітап көрмесіне шақырамыз!