+7 (727) 267-28-83

6fca5b01 873b 4fc3 b8f1 acf7bf4fcbed

1 ақпанда Н. Дәулетова атындағы залында Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында және «2023 жыл – Түркістан өркениетінің даму жылы» аясында қазақстандық 20 жас ақынның жүз өлеңі өзбек тіліне аударылып, жарық көрген «Юз шеър» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның модераторы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.

Шараны  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөзбен ашты.

 Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев және ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы  «Юз шеър» кітабына өлеңдері енген қазақстандық жас ақындарды құттықтап, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың нәтижесінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Өзбекстан елшілігі  Өзбекстан Жазушылар одағы басып шығарған ақын, ойшыл, пәлсапашы, мемлекет қайраткері Әлішер Навоидің Хамса «Ләйлі мен Мәжнүн» кітабын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

 Лента қию рәсіміне: Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев, Ұлттық кітапхана директоры, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы; белгілі кәсіпкер, меценат Ұзақбай Рүстем қатысты.

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Арман Қалыбеков, Өзбекстанның Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев, белгілі кәсіпкер, меценат, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері,  Ұзақбай Рүстем, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап және «Тұлға-достық» клубының мүшелері.               

Шара аясында «Юз шеър» кітабына өлеңдері енген қазақстандық жас ақындар Жангелді Неміребай, Арайлым Мұраталиева, Ұлан Ысқақ өлең жолдарын оқыды. Аталмыш кітап Алматы қаласындағы кітапханалар қорына табысталды.              

Сондай-ақ, шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Өзбекстан Республикасының елшісі Саидикрам Ниязходжаев пен Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаевқа кітапхана залдары бойынша экскурсия жүргізді.Іс-шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

0c2d9dab 1295 417e 98fa 188979c38f9a   728c9032 1a51 48ef 98b4 673a173e6f8f   6429e599 d182 4693 be3f 1a495491ba30
90079e1f 67f0 4346 af09 11fcabd16165   a53f0e69 c887 433d 8deb d243ea673f36   e1b6af11 f66c 4090 ae33 e3ed8064aeae