+7 (727) 267-28-83

рест

23 қаңтар – 3 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы Жазба құжаттарды консевациялау және қалпына келтіру мектебінде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайының қалпына келтіру бөлімінің жетекшісі Садвакасова А.К. және суретші рестовраторы Перова О.Б. оқудан өтті.

Құжаттарды ғылыми сақтау зертханасында мұражай қызметкерлері құжаттарды биологиялық және физика-химиялық тұрақтандыру бойынша теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды да алды. Консервациялау, қалпына келтіру және түптеу қызметінде құрылғылар базасымен танысып, сирек кітаптарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді, сонымен қатар мұқабалар мен парақтарды қалпына келтіруге арналған графикалық бағдарламаларда жұмыс істеуді үйренді.

Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде екі апталық оқудың соңында мамандар «Құжаттарды сақтау» курсын бітіргені туралы сертификат алды. Мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарына құжаттамалық мұраны сақтау бағытында алған білімдері мен біліктіліктері үшін алғыстар білдірді.

рест1   рест2