+7 (727) 267-28-83

4418509d 4fd3 49e6 849c e0260930f79c

3 наурызда Н.Даулетова атындағы залда «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ «Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының» аға оқытушысы Естаева Дина Қасымбекқызының 75 жасқа толған мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара модераторы п.ғ.к.,  қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Г.И. Нұржанова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директорына сөз берді, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесін «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Іс-шарада сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н. Қасымбекова, «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: п.ғ.к., доцент М.Б. Мукашева, ф.ғ.к., доцент Г.Х. Нугыбаева, аға оқытушы Ш.М. Усенбаева, аға оқытушы А.К. Байдарова және студенттер, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының түлектері, Д.Қ. Естаеваның туыстары.

Естаева Дина Қасымбекқызының өмірі мен еңбек жолына арналған бейнекөрсетілім ұсынылып, студенттер ән шашуын арнады.

6e4babf7 9bdc 4bb8 b532 f609af17cd2f   864a98a0 d239 41dd 8aab 4108caad2cd1   7be63db5 19ae 4c06 95be 17aaa306eaef
0cf411f2 c083 4952 b626 81eb8df404f9   a7eb136e dd7f 4996 992b b69eb8a7b069   c6a755bf 4569 4442 8c49 9328b1689c03