+7 (727) 267-28-83

3d7c8bec 9f86 45d3 b528 d81bf02d6f9c27 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, Отыншы Әлжанұлының 150 жылдығына, Мағжан Жұмабай, Біләл Сүлейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған «Алаш арыстарын қаншалықты таныдық?!» тақырыбындағы тарихи-танымдық диспут өтті.

Шараның мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігі мен азаттығы жолында құрбан болған Алаш зиялыларының өмір жолын, өнегесін, тағылымын дәріптеу, жастар мен студенттердің қазақ халықының тарихы, тұлғалары туралы пікірлерін тыңдау, олардың Отаншылдық қасиеттерін, патриоттық көзқарастарын кеңейту, дамыту. ⠀

Шараны «Дарын»  мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты, әдебиет сыншысы, алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай жүргізді. ⠀

Тарихи-танымдық диспутқа Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел атындағы университеті және т.б Алматы қаласындағы ЖОО студенттерінен құралған топтар қатысты. ⠀

Шара аясында студенттер Алаш тұлғаларына өмір жолына қатысты көптеген сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Сондай ақ, алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай беймәлім Алаш тұлғалары жайында тың ақпараттармен бөлісіп, өзінің ұтымды ойымен, алғырлығымен көзге түскен студенттерге Алаш тұлғалары жайлы жазылған кітаптарды сыйға тартты.⠀

Қатысушылар: студенттер, кітапхана оқырмандары, Алаш тарихына қызығушы оқырмандар және БАҚ өкілдері.  

13898ef5 56b2 4064 8454 a74d77471373   ae2ccd2b f0b5 4bdf 9d3a 2cff613dc6f1