17 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітаханасында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «НАУРЫЗ-ДУМАН» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
⠀
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, археология профессоры, тарихшы және реставратор Татьяна Николаевна Крупа құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
⠀
Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдерінен құралған «Береке», «Қуаныш», «Бірлік», «Молшылық» ауылдары халқымыздың ата-бабадан жеткен тамаша жоралғылары мен дәстүрлерін, ұлттық ойындары мен тағам түрлерін насихаттау мақсатында өз өнерлерін көрсетті. Сондай–ақ, белгілі зергер, суретші, реставратор, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Зерлеу» алтын тігу авторлық үйінің директоры Айжан Абдубайтова авторлық ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімін көпшілік назарына ұсынды.
⠀
Іс-шараға Алматы қаласындағы Қытай Халық және Өзбекстан Республикаларының Бас консулдары, Корей, Иран мемлекеттерінің консульдары және АҚШ консулдығының қызметкерлері, «Француз Альянсының» атқарушы директоры, белгілі ақын-жазушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты.