+7 (727) 267-28-83

340073962 227829829824059 1419287032897788586 n

7 сәуірде Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында көрнекті қазақстандық жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты дөңгелек үстел және безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Өзбекстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы.

Шараның мақсаты – түркі жұртшылығына ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан жазушы Кемел Тоқаевтың әдеби мұрасын таныстыру және кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты патриотизм және азаматтық рухында, отансүйгіштікке, елін сүюге тәрбиелеу.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Б.Қ. Оспанова бастаған қазақстандық делегация құрамында белгілі кемелтанушы Б.С.Айжігітов; термеші, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Қ.М.Зарлиев; қоғам белсендісі С.Ш.Нағманова; «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі Б.Жағыпарұлы; ақын Талант Арынғали, Талғар аудандық кітапханасының бөлім меңгерушісі Р.Т.Тоқарзаева және Ұлттық кітапхана мамандары: Қ.М.Изамбекова, Ж.А.Әбдікерімова, Е.С.Қабдрашидов барды.

Іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымымен жарияланған Түркі өркениетінің даму жылы және ТҮРКІСОЙ ұйымының 30 жылдығы аясында өткізілді.

Шараны Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Мәдени шараның ашылу салтанатын айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Қазақ радиосындағы «Кітапхана» бағдарламасының жүргізушісі Талант Арынғали арнаумен бастап, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің орынбасары Ысқақов Жасұлан, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғайрат Мажит, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры Тешабаева Умида Алимджановна, Өзбекстандағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы Үсенов Серікбай Назарұлы, Кемел Тоқаевтың еңбегі мен шығармашылығын зерттеуші, белгілі кемелтанушы, «Құрмет» орденінің иегері Айжігітов Бақтығали Cақымқожаұлы, термеші, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Зарлиев Қошан Мұстафаұлы сөз сөйледі.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде автордың шығармалары, оның редакторлығымен шыққан журналдар, мерзімді басылымдардағы мақалалары мен жарияланымдары, өмірі мен қызметі туралы материалдар қамтылды.

Кеште «Хабар» телеарнасы әзірлеген Кемел Тоқаевқа арналған «Өнегелі өмір» атты деректі фильмінің көрсетілімі ұсынылып, айтыскер ақын Талант Арынғали «Көзімнің қарасы», «Атамекен» атты әндерін шырқады.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кітапханалар арасындағы гуманитарлық-мәдени ынтымақтастық аясында іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткен Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры Тешабаева Умида Алимджановнаны Ұлттық кітапхананың «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, Қазақстанның мәдени-рухани мұрасын басқа елдерде насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасының айырбас-резервтік қорынан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 128 дана кітапты Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.

Сондай-ақ, аталмыш қорға ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған құнды қолжазбалар - Камаладдин Хусейн Ваиз Кашифи. Этика Мухсина (175 п.); Мир Алишер Навои. Сборник (80 п.); Хосейн Ваиз Кашифи. Этика Мухсина (207 п.) парсы тіліндегі қолжазбалардың көшірмелері табыс етілді.

Қазақстандық делегация Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры Тешабаева Умида Алимджановнаның қабылдауында болды.

Қатысушылар: шығармашылық қауым, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасы, БАҚ өкілдері, оқырмандар, т.б.

339986097 527731362895337 8743209234388243142 n   339991042 2550363735124551 4380801079668314421 n   340111265 1233718790669463 7320394344153044792 n
340218056 101950662872280 6894974299421957063 n   340290173 5395618393871997 7543105644867693788 n   340292615 744292860511658 7670508038454535940 n